Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) Камил Шереметаны жеңгеннен кейін Instagram желісіндегі жеке парақшасына командасымен түскен фотосурет жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Команданың жетістігі», — деп жазды GGG.

Еске сала кетелік, Геннадий Головкин Камил Шереметаны жетінші раундта тізе бүктірді. IBF және IBO белбеулерінің иегері орта салмақтағы әлем чемпионы титулын 21-рет сәтті қорғады.