UFC Vegas 17 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Стивен Томпсон өзінің жерлесі Джефф Нилді жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Турнир Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтті. Төрешілер жеңісті 37 жастағы Томпсонға 50:45, 50:45, 50:45 есебімен берді. Жекпе-жек бес раундтың барлығына созылып, жартылай орта салмақ дәрежесінде өтті.

Томпсон 21 жекпе-жектің ішіндегі өзінің 16-шы жеңісіне қол жеткізді. Нил үшінші рет жеңілді.

Айта кетейік, UFC Vegas 17 - 2020 жылдағы соңғы промоутерлік турнир.