«Ливерпуль» Ағылшын премьер-лигасының 14-турында «Кристал Пэласты» 7:0 есебімен ойсырай жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл кездесуде Роберто Фирмино мен Мохамед Салах дубль жасады, Такуми Минамино, Садио Мане және Джордан Хендерсон бір-бір голдан соқты.

«Қызылдар» бір ойыны кем «Тоттенхэмнен» 6 ұпай алға ұзап шықты

"Кристал Пэлас" – "Ливерпуль" - 0:7

Гол соққандар: 0:1 – 3 Минамино, 0:2 – 35 Мане, 0:3 – 44 Фирмино, 0:4 – 52 Хендерсон, 0:5 – 68 Фирмино, 0:6 – 81 Салах, 0:7 – 84 Салах.

"Кристал Пэлас": Гуаита, ван Анхолт, Клайн, Кэйхилл, Шлупп, Миливоевич, Куяте (Томкинс, 63), Макартур (Ридевалд, 75), Эзе (Батшуайи, 69), Заа, Айю.

"Ливерпуль": Алиссон, Робертсон, Матип, Александер-Арнолд, Фабиньо, Хендерсон, Кейта, Минамино, Вейналдум (Джонс, 69), Мане (Салах, 57), Фирмино (Окслейд-Чемберлен, 75).