Бүгін, 19 қарашада, «Барыс» ҚХЛ-дің тұрақты чемпионаты аясында «Куньлунь Ред Стар» командасымен қонақта ойнайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның шайбалы хоккей клубы қазір Шығыс конференция кестесінде сегізінші орында тұр. Бейжің командасы 11-ші қатарда тұр.

Соңғы кездесуде Михайлис шәкірттері «Тракторды» 4:2 есебімен жеңді.

«Барыс» - «Куньлунь Ред Стар» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 19:50-де басталады. Тікелей эфир Qazsport телеарнасында қол жетімді.