19 желтоқсаннан 20 желтоқсанға қараған түні Сан-Антониода (Техас, АҚШ) кәсіпқой бокстан турнир өтеді, оның басты кездесуінде WBA супер орта салмақтағы чемпионы Каллум Смит салмақ дәрежесіне қарамастан үздік боксшылар рейтингінің көшбасшысы Сауль Альвареспен жұдырықтасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шайқас алдында спортшылар ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Нәтижесінде олар таразыда бірдей салмақ көрсетті - 76,2 кг.