Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) АҚШ-тың Голливуд, Флорида штатында поляк Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңгеннен кейін отандастарына үндеу жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Қазақстандықтар мен сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Мұның бәрі біздің Отанымыз үшін. Біз бірге мықтымыз! Алға, Қазақстан!» - деді GGG.

12 раундқа есептелген жекпе-жек жетінші раундта аяқталды. Шеремета шайқасты жалғастырудан бас тартты. Осылайша, Геннадий IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сәтті қорғады.