Футзалдан Алматыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының 22-турында Рудныйдың «Аяты» мен талдықорғандық «Жетісу» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Рудныйлықтар бірінші таймда жауапсыз екі гол соғып, үстемдік құрды.

«Аят» үзілістен кейін тағы бір гол соғып, ірі есеппен жеңіп жатқан, алайда жетісулықтар үш голды бірінен соң бірін тоғытып есепті теңестіріп кетті. Дегенмен мықтының аты мықты, номиналды алаң иелері тағы екі допты қақпаға кіргізіп, 5:3 есебімен жеңіске жетті.

«Аят», 30 ұпаймен турнир кестесінің 4-орнында тұрса, одан 4 ұпай кем жинаған «Жетісу» 5-орында қалды.

Футзалдан Қазақстан чемпионаты. III айналым. 22-тур«Аят» (Рудный) – «Жетісу» (Талдықорған) - 5:3 (2:0)Гол соққандар: Леандро, Сағындықов (2), Валиуллин (2) – Кнауб, Қаражанов, Жаманқұлов

Фото instagram.com/futsalkazakhstan