Елордалық «Барыс» хоккей клубы құрамына финляндиялық қорғаушы Алекс Линтунием қосылды.

Келісімшарт 2021 жылдың 30 сәуіріне дейін жасалған. Ойыншы хоккейдегі алғашқы қадамын өз еліндегі ХИФК командасында бастаған.

Одан кейінгі жылдарда финляндиялық көптеген клубтардың жейдесін киді. Сондай-ақ, американдық хоккей лигасында шеберлігін шыңдады. Финляндияның жасөспірімдер және жастар құрамаларында ойын көрсетті.

Биылдан бастап өзінің ұлттық құрамасына шақырту алды. 2014 жылы Ұлттық хоккей лигасындағы «Лос Анджелес Кингс» құрамына қабылданды.

2020/2021 жылғы кезеңді ол финляндиялық ЮП командасында бастап 11 ойында мұз айдынға шықты. Ол «Барыс» хоккей клубында 40 нөмірлі жейдемен ойын көрсетеді.