Қазақстандық файтер Артем Резников грэпплинг турниріндегі жеңісі туралы пікір білдірді.

Кәсіби файтерлер арасында өткен «Arlan Grip Pro» Гран-При жарысында Артем Резников 83 келі салмақта жеңміпаз болды. Ол турнирде үш жекпе-жек өткізіп, финалды Гойти Дазаевты жеңді.

«Екі еркін күрес шеберінің кездесуі әркез қызық өтеді. Досым Гойти Дазаевқа жекпе-жек үшін алғысымды айтамын. Осындай жарыстардың арқасында Қазақстан ММА өркендей береді. Біз дұрыс бағытта келеміз», - деп жазды спортшы.