Волейболдан әйелдер командасы арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші туры аясында «Алтай» - «Ертіс» матч өтті, деп жазады Prosports.kz.

Семейде өткен ойында 3:0 есебімен «Алтай» ойыншылары жеңіске жетті.

Павлодарлық команда алғашқы екі партияда мүлде қарсылық таныта алған жоқ. Тек соңғы партияда ғана жиырмадан асырып ұпай жинай алды.

«Алтай» - «Ертіс» - 3:0 (25:7, 25:9, 25:23).