Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) Азиядағы бөлімшесі қазақстандық супер орта салмақтағы боксшы Айдос Ербосынұлының (15-0, 10 КО) ганалық Исса Самирді (19-1, 16 КО) жеңуімен құттықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Барыс» үшінші раундта техникалық нокаутпен африкалықтан басым түсіп, екінші орта дивизиондағы WBC (ABC), WBA International және WBO Global титулдарын қорғап қалды.

«Айдос Ербосынұлын Нұр-Сұлтанда өткен Suleimen Promotions шоуында WBC Asian Boxing Council орта салмақтағы титулын бесінші рет сәтті қорғаумен құттықтаймын. Чемпион үшінші раундта Исса Самирді техникалық нокаутпен жеңді», - делінген ұйымның Twitter аккаунтындағы хабарламада.