Нұр-Сұлтандағы «Көшпенділер шайқасы» атты бокс кешінің алғашқы жекпе-жегі аяқталды. Қазақстандық спортшы Данила Семенов (1-0, 1 КО) ганалық Абрахам Табулды (17-4-1, 14 КО) жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа созылып, төрешілер жеңісті Семеновке берді.

Осылайша, Данила Семенов про-рингте екінші рет жеңіске жетті, ал Авраам Табул бес мәрте жеңіліске ұшырады. Африка боксшысы өзінің соңғы жекпе-жегінде Қазақстан өкілі - Жан Кособуцкиден (14-0, 13 КО) техникалық нокаутпен жеңілген еді.