«Астана» ФК баспасөз қызметі өз сайтында 2020 жылғы маусымның үздік ассистентін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Марин Томасов өткен маусымда нәтижелі пас беруде шеберлік танытты.

«Біз 2020 жылды қорытындылаймыз, «Астана» осы маусымда ел чемпионатында 20 матч, еурокубокта 2 матч өткізді.

22 ойынды қоса есептегенде Марин Томасов 8 нәтижелі пас берді. Оның пастарын Тигран Барсегян мен Пьерос Сотириу екі рет, Жарко Томашевич, Абзал Бейсебеков, Дорин Ротариу мен Алексей Щеткиндер голға айналдырды.

Одан кейінгі орындарда Тигран Барсегян (5) мен Макс Эбонг (3) тұр», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.