Мәнерлеп сырғанаудан 2021/22 жылғы маусымдағы Nebelhorn Trophy турнирі 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына іріктеу турнирі саналады. Бұл туралы Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы (ISU) мәлімдеді.

Демек, келесі жылы аталған турнирге қатысатын спортшылар Бейжің Олимпиадасының лицензиясына таласады.

Nebelhorn Trophy 2021 жылдың 22-25 қыркүйегі аралығында Германияның Оберстдорф қаласында өтеді.