Бүкіләлемдік жеңілатлетикалық қауымдастық (World Athletics) екі әлем рекордын ресми түрде мойындады.

Рекорд орнатқандар - Летесенбет Гидей (Эфиопия) мен Джошуа Чептегеи (Уганда). Екі спортшының рекорды қазанда Валенсияда өткен жарыста тіркелді.

Гидей бес шақырымдық қашықтықты 14.06,61 секундта жүгіріп өтіп, өз отандасының көрсеткішінен басып озды.

Чептегеи 10 мың метрді 26.11,00 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өтіп, бұрынғы рекордты 6 секундқа жаңартты.