Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин отандастарын ұлттық мереке - Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Propsort.kz.

Головкин өзінің Facebook-тегі парақшасында құттықтау видеосын жариялады, онда Қазақстанның мемлекеттік туының фонындағы жаттығуларының фрагменттері, сондай-ақ оның қазақ шапанында рингке шыққан сәттері бар. Спортшы бейнежазбаға қазақ және ағылшын тілдерінде құттықтау сөздер жазды: «Тәуелсіздік күні құтты болсын, Қазақстан!».

Еске салайық, Қазақстан уақыты бойынша 19 желтоқсанда таңертең Геннадий Головкин Голливудта (Флорида, АҚШ) поляк Камил Шереметамен жекпе-жек өткізеді.