Швециялық файтер Амир Альбази қазақстандық Жалғас Жұмағұловқа үндеу жасады.

«Жалғас Жұмағұлов, мен дайынмын. 23 қаңтар күні міндетті түрде бол», – деп жазды спортшы Instagram-парақшасында.

Еске салайық, Жұмағұлов - Альюази кездесуі өткен демалыста UFC Vegas 15 турнирінде өтуі керек болған. Бірақ қазақстандық спортшы паспортын уақытында ала алмай, кездесуге бара алмады. Енді файтерлер 2021 жылдың қаңтарында кездеседі деп жоспарланып отыр.