Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин польшалық Камил Шереметаға қарсы жекпе-жек алдында өткізген баспасөз мәслихатында Қазақстанда шаршы алаңға шыққысы келетінін айтты.

«Қазақстанда жекпе-жек өткізгім-ақ келеді, бірақ қазір пандемия екенін, шекара жабық екенін ескеру қажет. Жалпы, мен әлемнің барлық жерінде жұдырықтасқым келеді. Әрине, оның ішінде Қазақстан да бар» — деді Головкин.

Айта кетейік, 18 желтоқсанда Геннадий Головкин АҚШ-та Камил Шереметаға қарсы жекпе-жек өткізеді.