Бүгін, 14 желтоқсан күні Швейцарияның Ньон қаласындағы УЕФА-ның штаб-пәтерінде Еуропа лигасы плэй-офф кезеңінің жеребесі тартылды, деп жазады Prosports.kz.

Жеребе қорытындысы бойынша, 1/16 финалдың жұптары мынадай болды:

Вольфсберг – ТоттенхэмДинамо Киев – Брюгге Реал Сосьедад – Манчестер ЮнайтедБенфика – АрсеналЦрвена Звезда – МиланАнтверпен – РейнджерсСлавия Прага – ЛестерЗальцбург – ВильярреалБрага – РомаКраснодар – Динамо ЗагребЯнг Бойз – БайерМольде – ХоффенхаймГранада – НаполиМаккаби Тель-Авив – ШахтерЛилль – АяксОлимпиакос – ПСВ.

Айта кетейік, бұл кезеңдегі алғашқы матчтар 18 ақпанда, ал қарымта ойындар 25 наурызда өтеді деп жоспарланған.