«Атырау» футзал клубының бас бапкері Бетао қызметінен кетті, деп жазады Prosports.kz.

Бұл туралы futsalkazakhstan хабарлады.

Маман инстаграм желісіндегі жеке парақшасында атыраулық клубтан кеткенін мәлімдеді. Ол өз сөзінде қызметін жеңіліспен аяқтағанына өкініш білдірді.

Уақытша бас бапкер қызметіне Жақсылық Байсариев тағайындалды.