Дортмундтық «Боруссияның» бас бапкері Люсьен Фавр қызметінен кетті. Бұл туралы клубтың ресми сайтында жазылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

12 қарашада «Боруссия» Германия чемпионатында «Штутгарттан» 1:5 есебімен жеңілген болатын.

Айта кетейік, Люсьен Фавр дортмундтық клубтың тізгінін 2018 жылы ұстаған болатын. Оның баптауымен команда Германия Суперкубогын иеленген.