АФК «Қайраттың» бас бапкері Кака Чемпиондар лигасының 1/16 финалында оның командасына қауіпті қарсылас түсті деп санайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

- УЕФА Чемпиондар лигасының 1/16 финалына жеребе тарту нәтижесі туралы ойыңызды айтыңызшы.

- «Витен» бізге түсуі мүмкін қарсыластардың ішіндегі ең мықтысы. Бұл өте жақсы жабдықталған, мықты команда, Беларусь чемпионатының көшбасшысы. Менің ойымша, бұл өте қызық матч болады. Чемпиондар лигасының осы кезеңіндегі ең қызықтысы шығар.

- Сізде қандай да бір артықшылықтар болды немесе керісінше қорқыныш болды ма?. «Қайраттың» қарсыласы болғанын қаламайтын қарсылас бар ма?

- Жоқ, біз жеребе нәтижесін тыныш күттік. Не болса сол болсын. Ешқандай қорқыныш, артықшылық болмады.

- Сырт алаңда ойнайтындарыңыз «Қайратқа» ыңғайсыздық тудырады ма?

- Әрине, қолайсыздықтар бар - бұл уақыттың айырмашылығы, ұшу және бөтен алаң, бейтаныс алаң. Қарсыластың жанкүйерлердің қолдауына ие болмағаны да жақсы (жымиып). Бірақ бұл қонақта ойнауға мәжбүр болатын командалар үшін әдеттегі қолайсыздықтар, сондықтан бәрі жақсы.

- Беларусь командасын арнайы зерттейсіздер ме әлде беоарусьтік клуб туралы барлық ақпарат бар ма?

- Ақпарат алуда қиындықтар жоқ - футзалдан Беларусь чемпионаты жақсы көрсетіліп жатыр және бізде қарсыласты мұқият зерттеуге тамаша мүмкіндіктер бар.