ЦСКА-ның қазақстандық жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов Ресей премьер-лигасының 18-турының «Уралға» қарсы матчында алаңға алғашқы минуттардан шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

ЦСКА - «Урал» матчы Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады.

Жалпы алғанда, Бактиер мәскеулік клуб сапында осы маусымда РПЛ мен Еуропа лигасында 23 ойын өткізіп, 1 гол соқты.