Полиция «Аякс» шабуылшысы Квинси Проместі пышақпен ауыр дене жарақатын салды деген күдікпен қамауға алды, деп хабарлайды Prosports.kz De Telegraf-қа сілтеме жасап.

Оқиға шілде айының соңынд отбасылық кеші кезінде болған. Промес отбасы мүшелерінің бірімен жанжалдасып, оны пышақтап тастаған. Жанжалдасқандарды сол жердегілер арашалап алды+6. Пышақталғаннан басқа, тізесінен жарақат алған жәбірленуші бір ай бұрын полицияға хабарласқан. Тергеу басталды. Ұстау неліктен тек қазір, сонша уақыттан кейін болғаны белгісіз.

Қазіргі уақытта Промес оқшаулау бөлмесінде, оны үш күнге дейін ұстауға мүмкін. Алайда мерзім кейін ұзартылуы ғажап емес.