13 желтоқсан күні Мәскеуде АСА 115 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Аталмыш кеште екі бірдей қазақстандық файтер жекпе-жек өткізеді. Евгений Егембердиев UFC-дің бұрынғы файтері Люк Барнатпен кездессе, Нұрсұлтан Қасымханов ресейлік Әлихан Сүлеймановқа қарсы шығады.

Кештің басты жекпе-жегінде ресейлік Магомед Исмаилов UFC-де жұдырықтасқан Иван Штырковпен кездеседі.

Турнир Нұр-Сұлтан уақытымен 19:00-де басталады. Кешті мына СІЛТЕМЕ бойынша көре аласыздар.