Ақтау қаласында тоғызқұмалақтан 20 жасқа дейінгілер арасында командалық ел чемпионаты мәреге жетті.

Тоғызқұмалақтан БҚО құрамасының аға бапкері, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Дәулет Әбдікәрімовтің мәлім еткеніндей, 7-12 желтоқсан аралығында өткен командалық чемпионатқа еліміздің тоғыз облысынан 60-қа жуық спортшы қатысты.

Олардың ішінде үшеуі – халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 41-і спорт шебері болса, 10-ы – бірінші дәрежелі спортшы. Жарыс қорытындысында БҚО құрамасы жеңімпаз атанды. Павлодарлықтар екінші, қызылордалық тоғызқұмалақ шеберлері үшінші орынға ие болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын тоғызқұмалақтан Қазақстан кубогы өткенін жазған едік.