«Сумгаиттың» қазақстандық қорғаушысы Карам Сұлтанов коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Futbolinfo.az сайтына сілтеме жасап.
Командада бір апта бұрын коронавирус жұқтырғандар көбейген. 18 ойыншы мен 2 әкімшілік қызметкерден COVID-19 табылған. Олардың арасында Сұлтанов та бар. Ол қазір карантинде.
«Сумгаит» Әзербайжан Жоғары лигасында ойнайды. Қазіргі уақытта клуб турнир кестесінің 4-сатысында тұр.
Комментарии