UFC президенті Дана Уайт пандемия кезінде лиганың коронавируспен қалай күресетіні туралы статистиканы бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Аарон Бронстетердің твиттеріне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, UFC коронавирусқа шамамен 26 300 сынақ өткізген. Оның 0,8 пайызы оң нәтиже көрсеткен.

Нәтижесінде бұл сынақтар лигаға 17 миллион долларға жуық шығын келтірді.

UFC файтерлерді тексеріп, оларға вакцина егуді жалғастырады.