Кәсіпқой рингтегі жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Әли Ахмедов (16-0, 12 КО) эквадорлық Карлос Гонгораға (18-0, 13 КО) қарсы жекпе-жек алдында күшіне сенімді екенін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Boxingscene.com сайтына сілтеме жасап.

«Титулдық жекпе-жектер әрқашан менің мақсатым болды, біз командамен бірге әлем чемпионы атағына бір саты жақындадық. Мен өзіме және өзімнің күшіме сенімдімін, рингке шығуды асыға күтіп жүрмін. Оқу-жаттығу лагері әдеттегідей жоғары деңгейде өтті, біз жекпе-жекке дайынбыз», - деді 25 жастағы қазақстандық боксшы рингке шығудан бір апта бұрын.

Әли Ахмедов пен Карлос Гонгора арасындағы жекпе-жек Қазақстан уақытымен 19 желтоқсанда таңертең Холливудта (Флорида штаты, АҚШ) өтеді. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық Геннадий Головкин мен поляк Камил Шеремета орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулын сарапқа салады.