Орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) поляк Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы дайындықтың соңғы кезеңі туралы жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Спарринг-сессиялардың соңғы күні. Жекпе-жек аптасына дайынмын», - деп жазды Головкин өзінің Instagram парақшасында.

Головкин - Шеремета жекпе-жегі Қазақстан уақыты бойынша 19 желтоқсанда таңертең Голливудта (Флорида, АҚШ) Seminole Hard Rock Hotel & Casino-да өтеді.

Кештің басты жекпе-жегінде Қазақстанның тағы бір өкілі Али Ахмедов (16-0, 12 КО) эквадорлық Карлос Гонгорамен (18-0, 13 КО) орта салмақтағы бос IBO әлем чемпиондық атағы үшін жұдырықтасады.