Қазақстандық файтер Қуат Хамитов өзінің келесі жекпе-жегі туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Найман» инстаграмдағы парақшасында 22 қаңтарда Магнитогорск қаласында AMC Fight Nights кеші аясында ресейлік Магомед Магомедовпен жұдырықтасатыны туралы хабарлады.

Бұған дейін Хамитовтың сегізбұрышқа 7 қаңтарда оралатыны хабарланған болатын.

Еске салайық, қазақстандық өзінің алдыңғы жекпе-жегін осы жылдың қыркүйек айында өткізіп, ресейлік Ахмад-Хан Боковты жеңген еді.