Елдегі коронавирус ахуалы нашарлауына байланысты коньки тебу спортынан Қазақстан чемпионаты өтпейтін болды.

Бұл туралы конькишілер ұлттық федерациясы хабарлады. Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарып, сақтық шараларын күшейткен.

Осыған байланысты жоспарланған коньки тебу спортынан Қазақстан чемпионаты өтпейді.