Құрлықтық хоккей лигасының кезекті туры аясында «Барыс» «Торпедо» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 19:30-да басталады. Ойынды «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Дәл қазіргі таңда «Барыс» Шығыс конференциясында 33 ұпаймен тоғызыншы орында келеді.