Екінші орта салмақта (76,2 келі) өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (14-0, 9 КО) WBO әлемдік рейтингте төртінші орынға жайғасқан, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші орында - Intercontinental белбеуіне ие британ боксшысы Зак Паркер. Рейтингте екінші орынға америкалық Дэниэл Джейкобс жайғасқан. Үздік үштікті канадалық Дэвид Лемье түйіндеді.

Естеріңізге сала кетейік, Ербосынұлы WBO Global белбеуіне ие. Оның WBA International белбеуі мен WBC тұжырымы бойынша Азия чемпионы атағы да бар. Соңғы рет ол рингке 26 шілдеде Минскіде шығып, неміс боксшысы Нуну Лавалды (27-8, 15 КО) жеңді.

Оның келесі жекпе-жегі 16 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда өтеді. Оның қарсыласы Гана өкілі Исса Самир (19-0, 16 КО) болады.

Естеріңізге сала кетейік, UNO сауда маркасы - Нұр-Сұлтанда өтетін Suleimen Promotions бокс кешінің бас серіктесі.