«Астананың» бас бапкері Андрей Тихонов «Матч ТВ» телеарнасында Қазақстан Премьер-лигасындағы төрешілердің жұмысы мен стадиондардың жағдайы жайлы айтты.

«Ресейде төрешілерге ВАР көмектеседі. Мұнда жақсы стадиондар бар, бәрін қадағалап отыратын камералар көп. Қазақстанда командалар тек Алматыда ойнады. Ал стадиондар премьер-лига матчтарын қабылдауға сай емес еді. Кейбір сәтті трансляциядан көре алмайсың. Дегенмен Қазақстанда төрешілер жақсы жұмыс істейді. Әрине, қате жібереді. Онсыз болмайды» – деді Тихонов.

Айта кетейік, Андрей Тихонов «Астананы» тізгіндеген соң ел чемпионатын үшінші орында аяқтады.