Бүгін, яғни 7 желтоқсан күні Цюрихте 2022 жылы атарда өтетін әлем чемпионатының іріктеу кезеңінің жеребесі тартылады.

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) іріктеу кезеңіндегі командаларды бес себетке бөлді. Рейтингте 122 орында тұрған Қазақстан құрамасы бесінші себетке түскен. Біздің құрама қарсыластарын 7 желтоқсан күні біледі. Жеребе нәтижесі бойынша командалар бес не алтыдан бөлініп, он топ құрылады.

Жеребе тарту кезінде себеттер мына құрамда болады:

Бірінші: Бельгия, Франция, Англия, Португалия, Испания, Италия, Хорватия, Дания, Германия, Нидерланды;

Екінші: Швейцария, Уэльс, Польша, Швеция, Австрия, Украина, Сербия, Түркия, Словакия, Румыния;

Үшінші: Ресей, Венгрия, Ирландия, Чехия, Норвегия, Солтүстік Ирландия, Исландия, Шотландия, Греция, Финляндия;

Төртінші: Босния және Герцеговина, Словения, Черногория, Солтүстік Македония, Албания, Болгария, Израиль, Белоруссия, Грузия, Люксембург;

Бесінші: Армения, Кипр, Фарерские острова, Әзірбайжан, Эстония, Косово, Қазақстан, Литва, Латвия, Андорра;

Алтыншы: Мальта, Молдавия, Лихтенштейн, Гибралтар, Сан-Марино.