Мәскеулік ЦСКА командасының қазақстандық жартылай қорғаушысы Бактиер Зайнутдинов Ресей премьер-лигасының 17-турындағы «Химки» командасына қарсы матчты қосалқы құрамнан бастайды.

Матч Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00-де басталады.

Зайнутдинов ЦСКА сапында бүгінге дейін 17 ойын өткізіп, 1 гол соқты. Мәскеуліктер бүгін жеңіске жетсе, көш басындағы «Зенит» пен «Спартакпен» ұпай саны теңеседі.