Туриндік «Ювентустың» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду Италия чемпионатының осы маусымында бірінші рет гол соға алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Форвард А сериясының 10-турында «Торино» қақпасын ғана дәл көздей алмады. Оған дейін португалиялық Италия чемпионатында бес матч өткізіп, сегіз гол соқты (біреуі пенальтиден).

Осы маусымда 35 жастағы Роналду «Ювентус» сапында барлық турнирде тоғыз матч өткізіп, 10 гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Оның италиялық клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған.