Ақтауда NFC 26 турнирінің алғашқы жекпе-жегі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық промоушнда Гамзат Шабдан (0-1) тағы бір дебютант саналатын Есқали Қайыровпен кездесті. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек (61,2 келі) бірінші раундтың соңында, Қайыровтың жеңісімен аяқталды.

Жеңіл салмақтағы (61,2 кг) тағы екі дебютант - Бейбарыс Тұрсынғазин және Айбол Ахметов арасындағы жекпе-жек те бірінші раундта аяқталды, Ахметов бірінші раундта гильотинамен жеңіске жетті.

Аса жеңіл салмақта (56,7 келі) Теймур Жапаров (3-1-1) Әліби Ыдрыспен (3-0) кездесті. Жекпе-жек үш раундқа созылды және Ыдрыс төрешілер шешімімен жеңіске жетті.