Бүгін «Астана» баскетболшылары ВТБ Біріккен Лигасы аясында «Нижний Новгородқа» қарсы матч өткізеді, деп хабарлайды Prosport.kz.

«Нижний Новгород» осы маусымда 4 матч өткізді. Бірінші ойында ЦСКА-дан басым түсті. Кейін «Зелена Гура» мен ПАРМ командасын жеңді. Тек,«Локомотив Кубанмен» кездесуде жеңілді. Осылайша «Нижний Новгород» төрт ойында үш жеңіспен турнир кестесінің 3-ші сатысында тұр.

«Астана» алты ойындағы екі жеңістен кейін 9-шы орынға жайғасқан.

«Астана» - «Нижний Новгород» матчының тікелей эфирі Нұр-Сұлтан уақытымен 14:50-де басталады. QAZSPORT телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.