Жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов BBC World Sports Star сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік 2020 жылы бір жекпе-жек өткізді. 24 қазанда Абу-Даби қаласындағы жекпе-жек аралында UFC 254 турниріне қатысып, Джастин Гэтжиді мерзімінен бұрын жеңді. Осыдан кейін ол өзінің мансабында бірінші рет салмақ дәрежесіне қарамайтын UFC-дің үздік файтерлер рейтингінің көшін бастады.

Нурмагомедовтен басқа әлемнің спортындағы жылдың басты жұлдызы жүлдесіне Лос-Анджелес Лейкерс шабуылшысы Леброн Джеймс, ауыр салмақтағы WBC чемпионы Тайсон Фьюри, Формула-1 бойынша әлемнің жеті дүркін чемпионы Льюис Хэмилтон, ирландиялық боксшы Кэти Тейлор сияқты танымал спортшылар да ұсынылды.

BBC-дің Twitter-дегі ресми парақшасында спортшыларға дауыс беруге болады. Дауыс беру 15 желтоқсанға дейін жалғасады.