5 желтоқсан, сенбі күні қазақстандық боксшы Мейирим Нұрсұлтанов (13-0, 8 КО) Екатеринбургте (Ресей) өтетін бокс кешінде өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның қарсыласы ресейлік Илья Баландин (4-3-1, 2 КО) болады. Қазақстандық бокс жанкүйерлері бұл жекпе-жекті «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көре алады. Басталуы - Нұр-Сұлтан уақытымен 17:50-де.

Мейірім Нұрсұлтанов рингке соңғы рет 2019 жылдың қараша айында шығып, мексикалық боксшы Кристиан Оливасты (19-7, 16 КО) төрешілер шешімімен жеңген еді.

Өз кезегінде Илья Баландин осы жылдың қаңтарында төрешілердің бірауызды шешімімен төрт раундтың қорытындысы бойынша отандасы Мурад Рамазановқа (4-2, 1 КО) есе жіберді.