Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитетінің кезекті отырысында ел чемпионатының 21-22 тур ойындары қаралды.

«Каспий» ойыншысы Руслан Жанасбаев «Шахтер» футболшысына қарсы тәртіп бұзып, дөрек ойнағаны үшін екі ойыннан шеттілді.

«Тобыл» мен «Тараз» арасындағы матчта қарсыласын гол соғатын айқын мүмкіндіктен айырғаны үшін «Тараздың» ойыншысы Мақсат Әмірзанов бір матчтан шеттілді.

Ал клубтың спорт директор Нұртас Кургулин қарсыласын балағаттап, бірнеше мәрте тәртіп бұзып, спорт ережесін сақтамағаны үшін 7 матчтан шеттетіліп, 100 АЕК көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.