Қазақстандық боксшы Рай Сейітжанов (4-0) келесі жекпе-жегін 18 желтоқсанда Алматыда өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz МТК Қазақстан Instagram-ға сілтеме жасап.

Оның қарсыласы ресейлік Евгений Вазем (9-12, 4КО) болмақ. Жекпе-жек MTK Kazakhstan және Tukeshov Boxing Promotions компанияларыы ұйымдастырған бокс кеші аясында өтеді. Сол күні кешке Сұлтан Зәуірбек пен Қамшыбек Қоңқабаев жұдырықтасады.

Сейітжанов соңғы рет рингке 23 қазанда шыққан. Ол сол кеште Берікбай Нұрымбетовті жеңді.