Беделді BoxRec.com сайты қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтің (16-0, 12КО) қарсыласының есімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ахмедов эквадорлық Карлос Гонгорамен (18-0, 13 KO) кездеседі. Супер орта салмақтағы жекпе-жек 12 раундқа жоспарланған.

Айта кетелік, жекпе-жек 18 желтоқсанда Seminole Hard Rock Hotel and Casino-да (Голливуд, АҚШ) Геннадий Головкин мен Камил Шереметаның жекпе-жегінің андеркардында өтеді.