14-19 желтоқсан аралығында Алматыдағы «Алматы Арена» спорт кешенінде мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионаты өтеді.

Турнирде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар толық сақталады. Атап айтар болсақ, жарысқа жүз адамнан артық қатыстырылмайды. Сондай-ақ, індеттің алдын алу мақсатында залға көрермендер жіберілмейді.

Әрбір командада 12 спортшы, 4 бапкер және 1 төреші болуы міндетті. Тек қана Алматы мен Нұр-Сұлтан командаларының құрамы 16 адамға дейін кеңейтілген.

Айта кетелік, мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальмен және арнайы сыйлықтармен марапатталады.