Футзалдан Қазақстан чемпионатының чемпионы және күміс жүлдегері «Қайрат» пен «Ақтөбе» 2021 жылы қаңтарда Чемпиондар лигасына қатысады, деп жазады Prosports.kz.
Қазақстандық қос командада жарысты 1/16 финалдан бастайды.
Чемпиондар лигасының 1/16 финалдық ойындары 2021 жылдың 12-17 қаңтарында өтеді. Жеңімпаз бір матчта анықталады.
«Қайрат» пен «Ақтөбенің» ықтимал қарсыластарының тізімі келесідей:
– «Барселона» (Испания);
– «Интер» (Испания);
– «Спортинг» (Португалия);
– «Бенфика» (Португалия);
– КПРФ (Ресей);
– «Газпром-Югра» (Ресей);
– «Добовец» (Словения);
– «Пезаро» (Италия);
– «Херсон» (Украина);
– «Рекорд» (Польша);
– «Хрудим» (Чехия);
– «Витис» (Литва);
– «Олмиссум» (Хорватия);
– «Береттьоуйфалу» (Венгрия);
– «Шарлеруа» (Бельгия);
– «ВитЭн» (Беларусь);
– «Луксол Сент-Эндрюс» (Мальта);
– «Лученец» (Словакия);
– «Ховокубо» (Нидерланды);
– «Хоэнштайн-Эрнстталь» (Германия);
– «Шкупи» (Македония);
– «Юнайтед Галац» (Румыния);
– «Салинес» (Босния және Герцеговина);
– «Омония» (Кипр);
– «Приштина» (Косово);
– «Аньер-Вильнев» (Франция);
– АЕК (Греция);
– «Дифферданж» (Люксембург).
Айта кетейік, «Гентофте» (Дания) – «Лео» (Армения) және «Минерва» (Швейцария) – «Солтайрс» (Шотландия) матч өткен жоқ. Бұл ойындар жайлы шешімді УЕФА Атқару комитеті қабылдайды.
Комментарии