Финляндияның Контиолахти қаласында биатлоннан әлем кубогының екінші кезеңі өтеді. 3 желтоқсан күні ерлер мен әйелдер арасында спринттен жарыс басталады деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Аталған сынға Қазақстан атынан алты спортшы қатысады. Ерлер арасында Александр Мухин мен Сергей Сирик бақ сынаса, әйелдер арасында Елизавета Бельченко, Алина Коломиец және Дария Климина жарыс жолына шығады. Айта кетелік, биатлоннан әлем кубогының алғашқы кезеңі де Финляндияда өткен болтын.