Мюнхендік «Бавария» шабуылшысы Томас Мюллер Чемпиондар лигасы тарихындағы ең үздік сұрмергендердің ондығына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мюллер Чемпиондар лигасы топтық кезеңнің 5-турында Мадридтің «Атлетикосы» қақпасына өзінің 47-голын соқты. Бұл көрсеткіш бойынша ол Эйсебиомен және Филипп Инзагимен 10-орында бір қатарда тұр.
Осы маусымда 31 жастағы Мюллер «Бавария» сапында барлық жарыста 17 ойын өткізіп, жеті гол соқты және тоғыз пас берді.
Комментарии