Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов IBF нұсқасының ТОР10 тізіміне енді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Намибиялық бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгоны жеңген қазақстандық спортшының жартылай орта салмақ бойынша (66 кг) рейтингіндегі жағдайы едәуір жақсарды. Елеусінов - тоғызыншы орында.

Еске сала кетелік, 28 қарашада Данияр Индонгоны екінші раундта нокаутқа жіберіп, бос тұрған IBF Inter-Continental чемпиондық белбеуін жеңіп алды. Бұл - оның кәсіби рингтегі алғашқы титулы.